Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Әлем кубогында кезекті дау

АҚШ-тағы доп додасы шарықтау шегіне жетті. Түнде плей-офф бәсекесінің екінші кезеңі аяқталды. Жарыс жолында кубоктан үмітті 8 құрама қалды. Ал соңғы жолдамалардың біріне қазіргі әлем чемпиондары Аргентина таласты. Бірақ оңтүстік америкалықтар әупірімдеп жүріп Мысыр ұжымынан басым түсті. Ойынның 80 минутына дейін африкалықтардан жеңіліп жатқан «Альбеселесте» соңғы минуттарда қарсылас қақпасына 3 гол соғып, жолдаманы жұлып алды. Десе де матчтан кейін африкалықтардың бас бапкері бұл сәтсіздікке ФИФА-ны, оның ішінде президент Джанни Инфантино мен төрешілер бригадасын кінәлады. Тіпті «Перғауындардың» тізгіншісі мундиальдің бірінші турынан бастап қазылар алқасы ойнауға мүмкіндік бермегенін де ашық айтты. Сондай-ақ турнирдің жарыс кестесі де Месси бастаған жігіттерге ыңғайлы етіп алдын ала ойластырылғанын жеткізді.

← Барлық жаңалықтар