Мазмұнға өту
· 9 қаралым

Ақпараттық хабарлама

«Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің «Еуразия» Бірінші арнасы» телеарнасында эфирлік уақыт беруінің және www.1tv.kz интернет-ресурсында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруының жалпы шарттары

 

«Еуразия+ОРТ» ЖШС — «Еуразия» Бірінші арнасы» телеарнасының (бұдан әрі — Телеарна) және www.1tv.kz интернет-ресурсының (бұдан әрі — Интернет-ресурс) меншік иесі, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, 2026 жылғы 5 маусымдағы № 297-VIII «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды (бұдан әрі — Саяси партия) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі — үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарна эфирлік уақытын беру және Интернет-ресурста орналастыру мөлшері, талаптары мен тәртібі туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап басталады және сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын орналастыру 2026 жылғы 23 шілдедегі сағат 18.00-ден бастап 2026 жылғы 22 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Үгіт материалдары Телеарнаның меншік иесі мен Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырылады. Эфирлік уақыт Телеарна бекіткен монтаж парақтарына сәйкес беріледі, олар үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын, жазбаша өтініш берілген сәттегі Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарна эфирлік уақытының жоспарланған уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай әзірленеді.

Телеарнада эфирлік уақыт беру мынадай үгіт материалдарын орналастыру арқылы жүзеге асырылады:

қазақ және орыс тілдерінде хронометражы 60 (алпыс) секундтан аспайтын бейнероликтер, сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 15 (он бес) минуттан аспайтын фильмдер.

www.1tv.kz интернет-ресурсында мынадай үгіт материалдары жарияланады:

қазақ тілінде немесе қазақ және орыс тілдерінде баннерлер мен мақалалар (оның ішінде лонгридтер).

Шарт жасау үшін негіздеме Саяси партияның уәкілетті өкілінің Телеарнаның меншік иесі басшысының атына жазған жазбаша өтініші болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы (көлемі), орналастыру жоспарланған күні мен уақыты Саяси партияның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініш өтініштерді тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің түскен күнін беру арқылы тіркеледі.

 

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

  • Саяси партияның партиялық тізімінің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • өтініш беруші тұлғаның жеке басын растайтын куәліктің көшірмесі;
  • шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Телеарна айқындайды.

Егер жазбаша өтініш түскен сәтте сұратылған уақыт бұрын жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса не техникалық себептер бойынша берілуі мүмкін болмаса, Телеарна Саяси партияға бар техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнаның меншік иесіне эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда (қатты диск (HDD), қатты денелі жинақтауыш (SSD), USB флеш-жинақтауыш немесе USB қосылу интерфейсі бар өзге де алынбалы тасымалдағыш, тасымалдағыштың файлдық жүйесі — NTFS) не болмаса электрондық қоймаға сілтеме беру арқылы ұсынылады. Интернет-ресурста орналастыруға арналған үгіт материалдары орналастыру күніне дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) күн бұрын ұсынылады.

Материалдарға қойылатын техникалық талаптар:

Эфир үшін (ТВ): бейнеформат: MPEG-2 кодегі, MXF контейнері (XDCAM HD 50 Mbit), Chroma 4:2:2, битрейті 50 Мбит/сек, секундына 25 кадр, resolution 1920 x 1080, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы — үстіңгі бірінші өріс (Top Field First), кадр қатынасы 16:9, бейне кашесіз (конверт эффектісі). Аудиоформат: PCM, WAV, 2 дыбыс жолағы, 24 бит, 48 kHz, деңгейі -23 LUFS, серпінді диапазоны 20 dB. Материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-ші стереоарнаның сол жақ жолағына жинақталуы тиіс, бірдей оң жақ жолақты (псевдостерео) пайдалануға рұқсат етіледі.

www.1tv.kz интернет-ресурсы үшін: баннерлер мен фотосуреттер JPG/JPEG/PNG форматында, файл көлемі 2 Мб-тан аспай, фото ажыратымдылығы кемінде 1200 x 675 пиксель болып ұсынылады; мақалалардың мәтіні өңделетін мәтіндік форматта ұсынылады. Мәтін көлемі мен фотосуреттер саны Интернет-ресурста орналастыру құнының кестесінде көрсетілген.

Бейнематериалдармен бірге шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған, үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің толық жазбасы, бейнелері үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда — мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, үгіт материалдарында кәмелетке толмаған балалардың бейнелері пайдаланылған жағдайда — ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары ұсынылады.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның тегі болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласының талаптарына сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарда көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған жағдайларда үгіт материалдарын орналастыру жүргізілмейді не бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Телеарнаның меншік иесі, егер үгіт материалдарында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеясы насихатталса, оларды орналастырудан бас тартады.

Телеарнаның меншік иесі, егер үгіт материалдарында партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың не болмаса басқа Саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Саяси партия Телеарнаның меншік иесінің талабы бойынша материалдардағы жоғарыда аталған сипаттағы ақпараттың мазмұндалуын растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.

Осы ақпараттық хабарда көрсетілген талаптар мен тәртіп Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

 

Телеарнада үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

Телеарна атауы Орналастыру тілі 1 минуттың құны, ҚҚС қоса, теңге
1 «Еуразия» Бірінші арнасы» қазақ, орыс 272 200 (екі жүз жетпіс екі мың екі жүз)

 

www.1tv.kz интернет-ресурсында үгіт материалдарын орналастыру құны

Орналастыру түрі Құны, ҚҚС қоса, теңге Техникалық талаптар
1 Басты беттегі баннер 1 тәулікке 50 000 (елу мың) JPG/JPEG/PNG форматы, файл көлемі 2 Мб-тан аспайды. Баннердің пикселдегі өлшемдерін Телеарна интернет-ресурстың бет құрылымына сәйкес айқындайды
2 Жаңалықтар лентасында фотосуретпен мақала 1 тәулікке 250 000 (екі жүз елу мың) Бос орындарсыз 2 000 таңбаға дейін, 3 фотосуретке дейін. Фото ажыратымдылығы кемінде 1200 x 675 пиксель, JPG/JPEG форматы, 2 Мб-тан аспайды
3 Жаңалықтар лентасында фотосуретпен мақала (лонгрид) 1 тәулікке 350 000 (үш жүз елу мың) Бос орындарсыз 10 000 таңбаға дейін, 15 фотосуретке дейін. Фото ажыратымдылығы кемінде 1200 x 675 пиксель, JPG/JPEG форматы, 2 Мб-тан аспайды

 

Телеарнада орналастыру құны Телеарнаны хабар таратудың барлық қолжетімді орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісінде онлайн хабар тарату арқылы) трансляциялау мен ретрансляциялауды қамтиды.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем Телеарнаның меншік иесі төлемге берген шот негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштерді Телеарнаның меншік иесі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 18 тамызды қоса алғанда, сағат 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа Орталығы» ғимараты, 16-қабат,
байланыс деректері: 8 (776) 944 90 99, 8 (707) 526 77 76.

 

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыстары арқылы қабылданбайды.

«Еуразия+ОРТ» ЖШС

← Барлық жаңалықтар