Конор Макгрегор тура үш күннен кейін рингке қайта оралады. UFC-дің атышулы саңлағы 12 шілде күні Макс Холлоуэймен күш сынасады. Қазір ирландиялық жұлдыздың жекпе-жекке тыңғылықты дайындалған кадрлар жарияланды. Дегенмен бес жылдық үзілістен кейін оның қандай формада екені спорт сүйер қауымды ойландырып отыр. Ал қарқынын жоғалтпаған, жылдамдығы, төзімділігі және дәл соққыларымен ерекшеленетін Холлоуэй бұл кездесудегі фавориттердің бірі. Айта кетейік, бұл қос мықты 13 жыл бұрын да октагонда жолығып, сол жолы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Конор Макгрегорға бұйырған еді.