Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 222 қаралым

Трамп маңызды мәлімдеме жасады

Дональд Трамп араб елдеріне оң қабақ таныта бастаған сияқты. Ақ үй басшысы билік ауысып, енді ғана ес жиған Сирияға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады. Саясаткер Шам елін терроризмді насихаттап, оларға қаржы бөлетіндердің тізімінен шығаруым мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл шешімге мемлекет тізгінін уақытша қолына алған Ахмед аш-Шарааның ұстанған саясаты түрткі болған.

Айта кету керек, мұндай қара тізімді жасақтап, ұдайы бақылау міндеті АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің құзыретінде. Америка билігі ресми Дамаскты 1979 жылы терроризмді қолдайтындардың қатарына қосқан екен. Ал соңғы жылдары елде билік ауысып, оң өзгерістер байқалған сәтте Конгрестің қос палатасы да шешімді қайта қарастыру мәселесін көтеріп келеді.

← Барлық жаңалықтар