Жақында жүздескенше, Қазақстан!
Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас дәл осылай жылы лебіз білдіріп, қазақстандық суретшінің картинасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Жерлесіміз Әсел Сабыржанқызы поп-жұлдыздың бейнесін кілемге салып, оның жеке профилін белгілеп, Instagram-ға жүктеген. Осыдан соң оны әлемге әйгілі өнер иесі туындыны Facebook пен X-тегі ресми аккаунттарына шығарған. Мұнда Энрикенің 60 миллионға жуық оқырманы бар.
Айта кетейік, әнші үшінші қыркүйекте Астанада, ал бесі күні Алматыда өнер көрсетеді.
Маржан Нүсіпбек