Мазмұнға өту
· 31 қаралым

Президент Қатар әміріне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дохада Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірінің отбасына және ел халқына қайғыларына ортақтасу үшін Дохаға ат басын тіреді. Онда Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесіп, осы мемлекеттің бұрынғы билеушісі Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев оның қазақ халқының досы болғанын әрі Қазақстанның бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылым жобаларына қосқан үлесі зор екенін ризашылықпен еске алды. Өз кезегінде Қатар Әмірі Дохаға арнайы ат арытып жеткен Қазақстан басшысына алғыс білдіріп, бұл қос ел арасындағы бауырластық байланыстың айқын көрінісі екенін жеткізді. Сондай-ақ тараптар қазіргі халықаралық ахуал мен Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады.

← Барлық жаңалықтар