Мазмұнға өту
· 71 қаралым

Джеки Чан Маңғыстау өңіріне табан тіреді

Джеки Чан Маңғыстауда «Құдайлар сауыты» фильмінің төртінші бөлімін түсірмек.

Аты әлемге әйгілі, кино өнерінің тірі аңызы Джеки Чан маңғаз Маңғыстауға табан тіреді. Ақтау әуежайына қонған мәртебелі қонақты облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өзі қарсы алды. Қазақы дәстүрмен қонақжайлық танытқан жұртшылық кунг-фу шеберіне бауырсақ пен қымыздан дәм татырды. Әуежайдан шыға бере көлік тізгініне актердің өзі отырып, өңір басшылығымен бірге туристік нысандарды аралады. Голливуд жұлдызының қасиетті мекенге келуі бекер емес. Ол өзінің әйгілі «Құдайлар сауыты» кинокартинасының төртінші бөлімін ғажайып Бозжыра шатқалында түсірмек. Аймақ басшысының пайымынша, мұндай ауқымды халықаралық жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге зор серпін береді.

← Барлық жаңалықтар