Мазмұнға өту
· 33 қаралым

Сайлаушылардың құқығы кеңейе түсті

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға жұмыс орнында дауыс беруге мүмкіндік беріледі.

Сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар енді жұмыс орнында дауыс бере алады. Үздіксіз өндіріс орындары мен вахталық кәсіпорындар аумағында арнайы сайлау учаскелерін ашуға ресми түрде рұқсат берілді. Ал сарапшылар бұл сайлаушылардың құқығының кеңейе түскенін дәлелдейді дейді. Яғни дауыс беру мүмкіндігі бәріне бірдей беріледі.

ЕҢЛІК ОРМАХАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Әр тұлға Қазақстанға еңбегі сіңген, елім деп жүрегі соққан азаматтар, олар бекерден-бекер бір партияны таңдамайды. Олар сол партияның идеологиясын, саясатын түсініп-біліп, сол саясатты өзіне жақын тартып барады. Ал егер халық арасынан шыққан адамдарға сол идеология жақын болса, әрине, ол сол партия үшін, соның ішіндегі жеке тұлғалар үшін дауыс береді.

← Барлық жаңалықтар