Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Шетелдік компанияларға қомақты айыппұл салынды

Қашаған операторларына экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2,3 триллион теңге айыппұл салынды.

Қашаған, оның қызығын көріп жатқандарға сана бер, о, жасаған! Өйткені кен игеруді білетін шетелдік компаниялар табиғатты қорғауға келгенде құлықсыз. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін оларға бақандай 2,3 триллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов мәлімдеді. Оның айтуынша, сот шешімі заңды күшіне еніпті. Алайда қалтасы қалың қашағандық операторлар мемлекеттік органдардың шешімімен келіспей, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа жүгінген. Қазір тартыстың төрелігін айтатын арбитрлер құрамын жасақтау жұмыстары жүріп жатыр екен. Дегенмен біздің билік шетелдік компаниялар жазадан қашар болса, айыппұлды мәжбүрлеп өндіруге бекініп отыр.

ДАНИЭЛЬ ВАИСОВ, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялардың 2,3 триллион теңге төлеу бойынша міндеттемелері бар. Егер шетелдік компаниялар 20 шілдеге дейін айыппұлды төлемесе, Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу туралы заңға сәйкес тиісті шараларды қабылдайды. Атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.

← Барлық жаңалықтар