Мазмұнға өту
· 19 қаралым

Қазақстан тарихы жайлы жеті томдық баспаға жіберіледі

«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық еңбек дайындалып жатыр. Төл тарихымызға арналған бұл іргелі туындыны жарыққа шығару — стратегиялық мәні зор міндет.

Өйткені ол болашақта жазылатын барлық оқу құралдарының негізгі тірегіне айналады. Осы себепті 300-ден астам отандық маман мен әлемнің 12 елінен тартылған 50 жетекші сарапшы әрбір томды жан-жақты талдап, тарихи мәліметтерді егжей-тегжейлі сараптаған.

Авторлар тобы еліміз бен шетелдің архивтерін, соның ішінде Қытай және Ватикан мұрағаттарынан табылған, бұған дейін ғылымға беймәлім болып келген тың құжаттарды зерделеді.

Ауқымды жұмысқа Бас редакциялық алқа лайықты бағасын беріпті. Сөйтіп, академиялық еңбектің «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын жетінші томын баспаға жіберген.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар