Қазақстандықтардың 86 пайыздан астамы Президентке сенеді. Бұл жөнінде Қазақстанның қоғамдық даму институты хабарлады. Ұйым отандастарымыздың арасында қоғамдық-саяси ахуалға қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізіпті. Нәтижесінде респонденттердің 84 пайызы жағдайды қолайлы немесе тұрақты деп бағалаған. Әрі көпшілігінде оптимистік көзқарас пайда болған. Алда өтетін сайлаудан соң Құрылтайға кәсіби мамандар барады.
АЗАМАТ БАЙҒАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында Қазақстанға кәсіби Құрылтай қажет екенін айтқан еді. Қазіргі таңда азаматтардың сұранысы жоғары екенін әлеуметтік желілерден де байқап жүрміз. Сайлау алдында партиялар ұсынған партиялық тізімдерден мықты мамандарды көргісі келеді. Яғни, олардың қатарында аграрлық сектордың өкілдері, заңгерлер, жұмысшы мамандықтарының иелері болуы қажет. Ең бастысы – олар өз саласында беделді тұлғалар болуға тиіс әрі қоғам мәселелерін кәсіби түрде жеткізе алатын, соны тиімді шешуге ықпал етуге тиіс.
Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылар саяси науқан өмір сүру сапасына оң әсер етеді деп үміттенетінін айтқан. Ал сарапшылар осы жолғы сайлауға тізім ұсынған партияларда гендерлік теңдік пен инклюзияға баса мән берілгенін аңғарған.