Мазмұнға өту
· 11 қаралым

ОСК: «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеді. Құрылтай сайлауына қатысатын үміткерлердің саны 63 адам. Заңнамаға сәйкес, кандидаттардың жартысына жуығы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Сонымен қатар саяси ұйым сайлау жарнасын төлеуден толықтай босатылды. Өйткені партия алдыңғы сайлауда қажетті дауыс мөлшерін жинап, Парламенттің сегізінші шақырылымында болған.

ЛӘЗЗАТ СҮЙІНДІК, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сайлау туралы Конституциялық заңы 88-бабы, 2-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5% және одан да көбін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымындағы сайлауда 8,41% дауыс алған.

Сондай-ақ отырыста сайлау науқанына тағы төрт мемлекеттің дипломаттары мен халықаралық сарапшылары қатысатыны туралы айтылды. Күні кеше 16 шетелдік бақылаушы құжаттарын өткізіпті. Осылайша олардың жалпы саны 76 адамға жетті.

← Барлық жаңалықтар