Саяси партиялар Құрылтай депутаттығына үміткер кандидаттарының тізімін шетінен ұсынып жатыр. Бүгін Қазақстан Халық партиясы берген тізім тіркелді. Бұл жайлы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Халық қалаулысы болғысы келетін 72 адамның арасында бұған дейін депутат болған Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин, Кенжеғұл Сейітжан, сондай-ақ шоу-бизнестің өкілдері Тамара Асар мен Аша Матай бар. Еске салайық, бұл партия 2023 жылы өткен сайлауда 5 пайыз дауыс жинап, Мәжіліске өткен еді. Сол себепті науқан жарнасын төлемейді.