Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Жәнібек чемпиондық атағынан бас тартты

Кәсіпқой бокстан қазақстандық саңлақтардың арасында енді жаһан чемпионы жоқ. Бүгінге дейін жалғыз белбеудің иегері болған Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты. Ұйым оның өтінішін мақұлдап, осы шешімнен кейін Жәнібектің көлеңкесінде жүрген британдық Дензел Бентли толыққанды чемпион атанды. Ал отандасымыз енді мансабын екінші орта салмақта жалғастыруды жоспарлап отыр. Ол WBO-дан өзін осы салмақтың рейтингіне енгізуді сұрады. Қазір бұл өтініші қаралып жатыр. Жерлесіміз әлеуметтік желідегі парақшасында: «Өткен нәрсе өтті. Мен өткенмен өмір сүрмеймін. Бокс жолындағы тарихым бұрынғыдан да қызық болайын деп тұр», – деп жазды.

← Барлық жаңалықтар