Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Сарапшы: Құрылтай құру – жан-жақты пысықталған шешім

Құрылтай құру – жан-жақты пысықталған шешім. Ол қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік құрылымдардың өзара ықпалдастығын арттырады. Еліміздегі саяси реформа жөнінде халықаралық сарапшылар осылай пікір білдіруде. Әзербайжандық мамандар Құрылтай атауының саяси ортаға қайта оралуы – ұлттық дәстүрдің жаңғыруының көрінісі дейді. Сондай-ақ олар Құрылтай сайлауына пропорционалды модельді енгізу – саяси партиялардың рөлін күшейтіп, қоғам мүддесін кеңінен танытуға мүмкіндік береді дейді.

РИЗВАН ГУСЕЙНОВ, ӘЗЕРБАЙЖАН ҰҒА ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бұл мемлекеттік құрылымдарды топтастырып, қоғам, саяси ұйымдар және мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан үшін өте маңызды оқиға. Ең бастысы, бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, ұзақ уақыт бойы түрлі деңгейде талқыланған бастама. Әрі пропорционалды сайлау жүйесі саяси партиялардың сайлау мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жол ашады. Партиялар өз бағдарламасын ұсынып, қоғам олардың ұстанымы мен мақсаттарын нақты біле алады. Қазақстанның бұл тәжірибесі көрші елдерге ғана емес, тұтас түркі кеңістігіне де пайдалы болады.

← Барлық жаңалықтар