Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 133 қаралым

Дастан Сәтпаев жанкүйерлерді қуантты

Қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев Аустралияда атой салып, жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді.

17 жастағы жерлесіміз «Челси» командасы сапындағы алғашқы голын соқты. Ағылшындық ұжым маусым алдындағы дайындық аясында жергілікті «Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесу өткізген еді. Алғашқы минуттан алаңға шыққан жерлесіміз небәрі алтыншы минутта есеп ашты. Екі қорғаушының арасынан сытылып өтіп, қақпашымен бетпе-бет шыққан Дастан жақын тоғыздықты дәл көздеді. Ал Хаби Алонсо баптайтын команда ойын қорытындысында 6:4 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейін, Дастан Сәтпаев алдағы тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде «ақсүйектердің» ойыншысы атанады.

← Барлық жаңалықтар