Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

«Маэстро Әлібек Дінішев» деректі фильмін көріңіз!

Қазақтың ән өнерін әлемдік опера биігіне көтерген дара дауыс иесі. Сахнада сезім мен тағдырды қатар сөйлеткен сирек талант – Әлібек Дінішев 75-ке келді. Осы айтулы мерейтойға орай «Еуразия» бірінші арнасы маэстроның өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен деректі фильм әзірледі. Онда әнші тағдырын өзгерткен маңызды сәттер мен естен кетпес кезеңдер көрсетіледі. Сондай-ақ көмейіне бұлбұл ұялаған әнші туған жеріне, білім алған мектебі мен өнердің өрнегін салған мекеніне саяхат жасайды. «Маэстро, Әлібек Дінішев» деректі фильмін біздің арнадан ертең 20:30-да тамашалай аласыздар.

← Барлық жаңалықтар