Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылуына қатысқан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға айтулы спорт додасына арнайы келгені үшін ризашылығын білдірді. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Негізгі назар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға аударылды. Бұдан бөлек, президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің күн тәртібін пысықтады.

← Барлық жаңалықтар