Әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиастың «Bailando» әнін білмейтіндер кемде-кем шығар.
Алматылық жас музыкант Иван Жуков сол хит әнді домбырада шырқап, көптің көзайымына айналды. Иванның бұл туындыға арналған бейнебаяны да бар екен. Иығында шапаны, қолында домбырасы бар жігіт – кәсіби музыкант, гитарашы. Домбыраны мұнда үйреніп алыпты. Заманауи әндерді ұлттық аспапта орындап, әлемдік хит әндерге жаңаша реңк бергім келді дейді ол. Айта кетейін, Энрике Иглесиас осы күзде елімізге алғаш рет келеді. 3 қыркүйек күні Астанада, ал 5-інде Алматыда концерт береді.
Ақбаян Сұлтанмұрат