Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

Ыстықкөлдің жағасы саяси алаңға айналды

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында, Ыстықкөлдің жағасында Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуі өтеді. Ордалы отырысқа қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бауырлас елге барды. Мемлекет басшысын әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев сән-салтанатпен күтіп алды. Алқалы жиын аймақішілік ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңы деуге болады. Өйткені мұндай форматтағы кездесулер ресми келіссөздерден гөрі еркін өтетіндіктен, мемлекеттер арасында сенім орнатуға және өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік мол. Жиында өңірлік қауіпсіздік және тұрақтылық, сауда-экономикалық серіктестік, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстар мен Транскаспий бағыты бойынша көлік-логистика дәліздерін дамыту тетіктері талқыланбақ.

← Барлық жаңалықтар