Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 18 қаралым

Димаштың жаңа клипі шықты

Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні «Ақеркеге» жазған әдемі клипін жариялады.

Әншінің туған жері Ақтөбеде түсірілген бейнебаянға оның 10 мың жерлесі жиналып, қолдау көрсеткен. «Ақерке» әні әдетте домбырамен айтылатын. Көрермен оны атақты Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауында есте сақтап қалған. Димаштың бейнебаянында ғасырлар үндестігі сақталған. Ән қайта өңделгенімен, халықтық нақышы сол күйі қалыпты. Музыкант Ренат Аубакиров пен саунд-продюсер Ерлан Бекшора оны өңдеу барысында заманға сай реңк қосқан.

← Барлық жаңалықтар