Грекияда алапат орман өртін сөндіріп жатқанда екі тікұшақ соқтығысты. Әуедегі апат Афинаның батысындағы Псата ауданында болды. Оқыс оқиғадан сәл бұрын тікұшақтардың жоғарыда жүргені төмендеу кетіп бара жатқанына қатты жақындаған. Алайда оны пилоттардың ешқайсысы аңғармай қалып, қас пен көздің арасында еңістегісінің көтергіш винтінің тас-талқаны шығып, тікұшақ әуеде жарылып, отқа оранған күйі жерге құлады. Апат салдарынан экипаждың екі мүшесі де қаза тапты. Айта кетейік, Грекияда аптап ыстықтан орман өрті өршіп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша тілсіз жау 12 мың гектардан астам аумақты шарпыған.