Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Қырымдағы жағдай қиындап барады

Қырымдағы жағдай қиындап барады. Бұл туралы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары айта бастады. Мәселен, түбектегі қазіргі ахуал жайлы РТР телеарнасында сюжет шықты. Толассыз жалғасқан әскери іс-қимылдардың салдарынан Қырымда электр жарығы мен ауызсу жиі өшеді екен. Соның кесірінен жұрт азық-түлігін алдын ала дайындап алып, жертөледе жан сақтап отыр. Ал дәмханалардың көбі күн сәулесінің қуатымен жұмыс істеуге көшкен. Ұялы байланыс атымен жоқ. Оның орнына тұрғындар портативті радиоқабылдағыштарды пайдаланып отыр. Ал фермерлер жылыжайлар мен техниканы іске қосу үшін генераторларды қолдануға мәжбүр. Қазір әлеуметтік желіде қақтығысты тоқтатуға шақырған үндеулер көбейе түскен. Айта кетейік, Омбыда өткен Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында Владимир Путинмен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сынақтан өткен халықаралық тәжірибені қолданып, келіссөздерді қайта бастау үшін қантөгісті уақытша тоқтату жөнінде ой айтқан еді.

← Барлық жаңалықтар