Астананы Абай әні тербетті.
Бас қалада 200 оқушы бір мезетте «Көзімнің қарасын» шырқады. Бұл қазақтың бас ақынының туған күніне орайластырылған қалалық флешмоб.
Бұл бастама Абай Құнанбайұлының музыкалық мұрасын насихаттауды, өскелең ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді, дейді ұйымдастырушылар. Ашық аспан астындағы әуезді көрініс жиылған жұртты сүйсінтті. Олар жастарға қосылып шырқады.
Ақбаян Сұлтанмұрат