Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады. Кездесуде холдингтің жұмысы мен алдағы даму жоспары талқыланды. Қарағойшин былтыр 77 мыңнан аса отбасы баспаналы болып, мыңдаған бизнес жобасына қаржы бөлінгенін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.