Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Қазақстандық шахматшылар сенсация жасады

Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасы шахматтан сенсация жасады. Олар атынан ат үркетін, әлемге танымал мықтылардың өзін жеңіп, қарсыластарынан басым түсті.

ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда біздің ең мықты жасөспірімдеріміз бұлар Марк Смирнов, Эдгар Момедов, Сауат Нұрғалиев, Данис Қуандықұлы, Жанбай Алдияр деген жігіттеріміз өте жақсы нәтиже көрсетіп, әлемдік құраманы жеңіп тастады.

Әлемнің «мен» деген мықтылары Қазақстан құрамасына қарсы ойнады. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде біздің ұлдардың бәсі жоғары болды. Олар блиц және рапидтен де басым түскен. Қыздар құрамасы да қарсыластарын ойландырып қойды. Жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларды Халықаралық шахмат федерациясы мен Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері марапаттады.

САУАТ НҰРҒАЛИЕВ, ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ:

Негізі менің қарсыласым халықаралық мастер болды. Ол да өте мықты ойыншы, Испаниядан келді және басқа ойыншылар да өте мықты болды. Олар әлем чемпионатынан алынған. Сол үшін олар күшті ойнайды. Өйткені біздің Қазақстанда өте мықты ойыншылар бар. Олардың бәрін алып, әлем командасын жеңдік.

← Барлық жаңалықтар