Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Балық қырылып жатыр

Ақтөбе облысында енді балық қырылып жатыр. Тұрғындар Ырғыз ауданының орталығынан 12 шақырым жердегі Бірсуат тоғанында желбезектілердің өлексесін байқаған. Арасында шортан, сазан, майшабақ бар. Мамандар балықтың қырылуына бірнеше фактор әсер еткен болар деп отыр. Ырғыз өзенінен бөлініп қалған тоғандағы судың тартылуы да себеп болуы мүмкін. Қазір әкімдік өлекселерді жинап жатыр. Әрі қарай сынама алып, зертханаға жолдайды.

НҰРКЕН ЖҰБАНАЗАРОВ, ЫРҒЫЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бірсуат деп аталатын қара суда балықтардың жаппай қырылуы байқалды. Кешегі күні бұл судан сынамалар алынып, құзырлы органдарға жіберілді. Барлығы сынама қорытындысынан кейін белгілі болады.

← Барлық жаңалықтар