Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Қызылордада жеке мектептердің тең жартысы жабылды

Қызылордада жеке мектептердің тең жартысы жабылды. Жыл басында облыста 32 жекеменшік білім ошағы болса, қазір тек 16-сы жұмыс істеп тұр. Мамандардың айтуынша, бұған білім беру талаптарының орындалмауы себеп болған. Тексеру кезінде бірқатар кемшілік анықталып, лицензиясы болғанымен 12 мектеп оқу процесін тоқтатқан. Тағы 4 орталық құрылтайшылар шешімімен жабылған. Жекеменшік балабақшаларда да жағдай мәз емес. Мемлекеттік аттестациядан өткен 13 ұйымның 9-ы талапқа сай келмеген. Ата-аналардың шағымы бойынша жүргізілген тексерістер нәтижесінде 30 әкімшілік іс қозғалыпты.

← Барлық жаңалықтар