Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 19 қаралым

«Музарттың» бір әншісі ауырып қалды

Әйгілі «Музарт» тобының бір мүшесі Кенжебек Жанәбілов аяқастынан жансақтау бөліміне түсті. Шымкентте кезекті концертіне шығар алдында әншінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіге өзі жариялады. Жүректегі қан тамыры бітеліп, дер кезінде медициналық көмек алған. Беті бері қараған Кенжебек Жанәбілов шымкенттік дәрігерлерге ризашылығын айтып жатыр. Қазір реанимациядан палатаға ауысқан. Ем-домын аяқтамай, алдағы концерттеріне шықпайтын секілді.

← Барлық жаңалықтар