Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Сайлау учаскесін үйден шықпай анықтауға болады

Құрылтай сайлауына байланысты Egov Mobile мен Gov.kz порталында жаңа сервис іске қосылды. Енді азаматтар ЖСН арқылы өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен нақты мекенжайын алдын ала анықтай алады. Қосымшада сондай-ақ дауыс беруге қатысты бейненұсқаулық, кері санақ таймері, сайлау туралы ақпарат және жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға болады. Сервисті пайдалану үшін мобильді қосымшаға кіріп, «Құрылтай-2026» бөлімін таңдау жеткілікті.

← Барлық жаңалықтар