Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Сәтпаев мансабын қайда жалғастырады?

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанды.

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челсидің» толыққанды ойыншысы атанды. Енді оның мансабын қай клубта жалғастыратыны талқыланып жатыр. Бүгін халықаралық жастар күні. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген ұл-қыздарымыз көп. Соның бірі — жолына үмітпен қарап отырған жас талантымыз Дастан Сәтпаев. Дастан Сәтпаев «Челсидің» басыбайлы ойыншысы атанды. Себебі бүгін отандасымыз 18 жасқа толды. Бірақ жерлесіміз лондондықтардың сапында жолдастық ойындарда төбе көрсетіп үлгерді. Осылайша, «ақсүйектердің» жаңа бапкері Хаби Алонсоның да көзіне түсуге мүмкіндік алды. Десе де, «Челсидегі» жоғары бәсекелестікке байланысты Дастан жуырда Еуропаның өзге клубтарына жалға берілуі мүмкін.

Өйткені «Челсидің» құрамында 41 спортшы тіркелген. Ал ФИФА ережесіне сәйкес, бір клуб жаңа маусымға 25 қана футболшыны бекіте алады. Сәтпаевты сапына қосқысы келетін ұжымдардың қатары қалың. Мәселен, ағылшындардың фарм-клубы атанып кеткен француздың «Страсбуры» ойыншыға қызығушылық білдіріпті. Бұдан бөлек, Дастан «Қайратта» да уақытша доп теуіп, алматылықтарға еурокубок жорықтарында көмектесуі мүмкін деген жорамал бар.

← Барлық жаңалықтар