Еліміздің бес өңірінде «Бизнеске қолдау және сүйемелдеу орталықтары» ашылады. Жаңа мекемелер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істемек. Кәсіпкерлер үшін ақжолтай жаңалық. Енді еліміздің бес өңірінде «Бизнеске қолдау және сүйемелдеу орталықтары» ашылады. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте Премьер-министрдің орынбасары айтты. Серік Жұманғариннің сөзінше, аталмыш мекемелер «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Яғни орталықта бірден бірнеше қызметтің түрі ұсынылады. Олардың қатарына кәсіпкерлікті қаржыландыру, мемлекеттік қолдау және салық мәселелері сынды бағыттар қарастырылған. Жоспар бойынша алғашқы кеңселер республикалық маңызы бар қалалар мен Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бой көтереді. Пилоттық жоба қыркүйек-желтоқсан айларында жүзеге асырылмақ.
Кәсіпкерлер үшін ақжолтай жаңалық
Еліміздің бес өңірінде «Бизнеске қолдау және сүйемелдеу орталықтары» ашылады.
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар