Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 13 қаралым

Сұлулық салондарына 127 миллиард теңге жұмсаған

Қазақстандықтар өткен жылы тырнақ бояту мен шаш қиюға 127 миллиард теңгедей жұмсаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, азаматтар шаш күтіміне 67 миллиард теңге жаратқан. Ал маникюр, педикюр сияқты қызметтерге ел тұрғындары 7,5 миллиард теңге шығындап, сұлулық салондарының өзге де ұсыныстарына 52 миллиард теңге жұмсаған. Қызығы, бұл үрдіс тек ірі шаһарларда емес, ауылдық жерлерде де қарқынды дамып жатыр.

Рамазан Палмағамбет

← Барлық жаңалықтар