Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша ресми жұмыс істейтіндер саны 9 миллионнан асыпты. Мамандардың айтуынша, бұл — жаңа жұмыс орындары ашылып, оған орналасу мүмкіндіктерінің артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, бір жыл ішінде тек жалдамалы жұмыскерлердің саны шамамен 150 мың адамға көбейіп, 7 миллион 290 мыңға жеткен. Әрине, бұл жетістікке мемлекеттік бағдарламалардың да әсері мол.