Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Өңдеу өнеркәсібінің өрісі кеңейіп жатыр

Қазақстанның астығына алақан жайып отырған елдер көп. 2026 жылдың алғашқы төрт айында өңделген азық-түлік экспорты 3,6 миллиард долларға жетіпті. Салаға жауаптылар бұрынғыдай бидайды бүтінімен сатып, пайдаға батуды емес, өңдеп өткізуге ден қойған. Соның әсерінен табыс көзі артып, жұмыс орындары жанданып жатыр. Инвестиция лек-легімен құйылып, шаруамыз оңалып келеді. Бұл – британдық The World Financial Review басылымының дерегі. Қазір біздің ел ауыл шаруашылығы өнімдерін 70-тен астам елге экспорттайды. Қытай, Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс сияқты алып нарықтарды қамтамасыз ете алатын орталыққа айналған. Сондай-ақ суды үнемдеп, тамшылатып және жаңбырлатып суару сияқты технологиялар енгізіліп жатыр. Тағы бір қуантарлығы – ауыл шаруашылығы техникаларын өзіміз шығаратын күнге жеттік. Қазір елде тракторлар мен түрлі комбайндар шығаратын 10 зауыт жұмыс істейді.

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар