Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Көшпенділер ойынына дайындық қалай?

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Жүректі әрі білекті ұл-қыздар қыркүйектің алтысында Қырғызстанға аттанбақ. Дүбірлі додада ел намысын 150-ден астам спортшы қорғайды. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, делегацияның барлық мүшесі бірыңғай формамен қамтамасыз етілді. Әсіресе көкпарға ерекше назар аударылыпты. Қазіргі таңда спортшыларымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Көшпенділер ойынында спорттың 43 түрінен 69 медаль сарапқа салынбақ.

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар