Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Даму институты саяси партияларға ұсыныстарын айтты

Маңызды саяси науқанға аз ғана уақыт қалды. Осыған орай Қоғамдық даму институты түрлі жиындар өткізіп, додаға түсетін саяси партияларға өз ұсыныстарын жолдап жатыр. Мәселен, «Сарап» эксперттер клубының мамандары бүгін дөңгелек үстелде бірнеше тың жобаны көпшілікке таныстырды. Оның ішінде сарапшылар денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі мамандар елімізде саладағы жетістіктерді бөлінген қаржымен емес, нақты көрсеткішпен есептеу қажет дейді. Атап айтқанда, қызметті алу жеделдігі мен дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне назар аударылуы шарт. Сондай-ақ сарапшылар Жаңа Конституция бойынша мемлекеттің әлеуметтік саладағы жауапкершілігі күшейгенін айтып отыр.

НАЗГҮЛ МАҒЖАН, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Саяси партиялардың қазіргі таңда ұсынып жатқан саяси бағдарламаларын сараптап, оларды талдап, ішінде әлеуметтік саясатқа, күнделікті қазақстандықтың өміріне қандай ықпал ететінін бүгін біз талқылап, оларға ұсыныс ретінде береміз. Мысалы, күнделікті елімізде неше аурухана мен мектеп салынғаны маңызды емес. Сол мектеп пен аурухананың қолжетімділігі маңызды әр адамға.

← Барлық жаңалықтар