Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 23 қаралым

73,1 пайыз сайлаушы Құрылтайға дауыс беруге барады екен

Алдағы Құрылтай сайлауына дауыс беруге құқы бар әрбір төрт жанның үшеуі барады. Қазақстан демократиялық институтының екі апта бойы жүргізген сауалнамасының қорытындысы осындай. Барлық облыстарда өткізілген бұл шараға жасы 18-ден асқан 8 мыңға жуық респондент тартылыпты. Олардың 73,1 пайызы дауыс беруге барамыз деген. Институт мамандарының айтуынша, қазақстандықтардың болашақ Құрылтай сайлауына деген қызығушылығы жоғары. Бұл отандастарымыздың еліміздің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласуға дайын екендігін білдірсе керек.

← Барлық жаңалықтар