Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 25 қаралым

Президент Ақордада маңызды кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада маңызды кездесу өткізді. Күн тәртібіне қойылған басты мәселе — экономиканы дамыту мен бюджетті тиімді жоспарлау. Президентке экономиканың қазіргі ахуалы туралы баяндалып, алдағы үш жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары жайлы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы өсім көрсеткішін өз деңгейінде ұстап, республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз етуді бұйырды. Қаржыландырудың басты бағдары аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет, спорт ғимараттары секілді инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысына арналуға тиіс екенін қадап айтты.

← Барлық жаңалықтар