Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Студент оқ жаудырды

АҚШ-та елдің оңтүстік-шығыс бөлігін үрейлендірген оқиға болды. Вирджиния штатында университеттердің бірінің студенті жатақханада қатарластарына оқ жаудырды. Қанды қылмыстан 5 адам жарақат алды. Ақ халаттылар бір азаматтың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Ал көп ұзамай аймақтың тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. 19 жастағы азамат жоғары оқу орындарының бірінің жатақханасындағы жертөледе жасырынып жатқан екен. Жарақат алғандар 17–23 жас аралығындағы студенттер көрінеді. Алайда университет басшылығы күдіктінің өздерінің тәлімгері екенін растаған жоқ. Айта кету керек, Вирджиния университеті аймақтағы ірі жоғары оқу орындарының бірі. Білім ордасында 5700 студент бар.

← Барлық жаңалықтар