Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 4 қаралым

Қазақ әдебиетін әлемнің 125 елінде оқиды

Қазақ қаламгерлерінің шығармалары 125 елдің тіліне аударылды. Еуропа мен АҚШ-тан бастап, Қытай мен Таяу Шығыс елдеріне дейін ұлттық әдебиетімізге қызығушылық артып келеді. Оның ішінде біздің авторлардың туындылары БҰҰ-ның алты ресми тіліне — ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдеріне аударылып, жарық көрді. Жалпы таралымы 120 мың дана жинақ әлемнің 90-нан астам еліндегі 23 мың кітапхананың сөрелеріне қойылған. Сонымен қатар шетелде қазақ әдебиеті орталықтарының желісі дамып келеді. Бүгінде мұндай орталық 41 елдің ұлттық кітапханаларында жұмыс істейді. Олардың кітап қоры Қазақстанда жарық көрген жаңа басылымдармен тұрақты түрде толықтырылып отырады.

← Барлық жаңалықтар