Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтеді?

Айыр қалпақты ағайындар президент сайлауына дайындалып жатыр. Бауырлас елдегі саяси доданың өтетін күні алдағы айда белгілі болады. Бұл туралы Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтық Шайназаров AKIpress агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. Ол Жогорку Кенештің 17 қыркүйектегі сессиясының күн тәртібіне осы мәселені енгізуді сұрап хат жолдағанын жеткізді. Егер ұсыныс қабылдаса, кандидаттарды ресми түрде ұсыну келесі күні, яғни 18 қыркүйектен басталады. Қырғызстан заңына сәйкес, президент сайлауын парламент кемінде төрт ай бұрын белгілейді. Демек, ел тізгінін ұстайтын адам 2027 жылдың басында сайланады деген сөз. Айта кетейін, бұған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлауға түсуге ниетті екенін хабарлаған.

← Барлық жаңалықтар