Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 26 қаралым

Сайлаудың әділдігін кім бақылайды?

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы кірпік қақпай бақылайды. Орталық сайлау комиссиясының отырысында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін аккредиттеу туралы қаулы қабылданды. Сайлау кезінде бармақ басты, көз қыстылық болмауы үшін қадағалаушылардың келуі халықаралық міндеттемелерді сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ осы саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Төраға мұнымен шектелмей, сайлау басталғанша жағасы жайлауда жүрген өңір басшыларын сыбап алды. Учаскелерде азаматтарға ерекше жағдай жасау керегін тапсырды. Салқындатқыш орнатып, бұқараның денсаулығына баса мән берілмек. Қазір жедел медициналық көмек көрсету қызметінің жұмысын жандандыру қолға алынған.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жергілікті атқарушы органдардан мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскесіне кедергісіз қол жеткізуі үшін қажетті жағдайларды жасау, учаскелердің тиісінше жабдықталуын қамтамасыз ету мәселелерін жеке бақылауға алуды сұраймын. Инспекциялық сапарлар барысында айтылған ескертулердің барлығы 23 тамызға дейін толық пысықталып, қажетті шаралар қабылдануы тиіс.

← Барлық жаңалықтар