Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты. Әлемнің екінші ракеткасы үшінші кезеңде рейтингте 41-орында тұрған Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті. Жаңбырға байланысты уақытша тоқтатылған тартысты матч тура екі сағатқа созылып, Рыбакина жеңіске жетті. Енді турнирдің төртінші айналымында отандасымыз әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен сынға түседі.