Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Қазақстанда экспорт көлемі артты

Елімізде экспорт көлемі 40 млрд доллардан асты. Жыл басынан бері 8,6 пайызға артқан. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, экспорт қарқыны импорттан едәуір жоғары. Отандық тауарларға Қытай, Түркия, Франция және Өзбекстан нарығында сұраныс жоғары. Әсіресе, көрші Өзбекстанға тасымал 40 пайызға жуық өсіп, өңірлік сауда байланысының тереңдегенін көрсетті. Жартыжылдық қорытындыға қарасақ, өнеркәсіптік тауарлар үлесінің ұлғайғаны және сауда географиясының кеңейгені байқалады.

← Барлық жаңалықтар