Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Президент Қазақстанның ресурс пен өндіріс әлеуеті Орталық Азияда көш бастап тұрғанын баса айтып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін жеткізді. Өйткені қазіргі әлемдік ахуал қазба байлығы мол елдер үшін тиімді. Ал маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскен. Сондықтан бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жиын барысында жауаптылар саланың қазіргі жай-күйін баяндап, дамуы туралы есеп берді. Ал Президент Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты міндет жүктеді.