Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады. Атап айтсақ, пияздың бағасы 4,9%, картоп 4,1%, алма 2,7 пайызға төмендеген. Сондай-ақ қырыққабат, сәбіз, қияр, қой еті мен қызанақтың да бағасы түскен. Ең арзан пияз Түркістанда — 135 теңге, картоп Павлодарда 180 теңгеден сатылып жатыр. Бағаның жалпы деңгейі Қарағандыда 0,7 пайызға, Көкшетау мен Өскеменде 0,5 процентке төмендеді. Ал Астана, Шымкент және тағы бірнеше қалада әзірге баға өзгермеген.

← Барлық жаңалықтар