Елімізге сапары барысында Тойли Курбанов Астанада өтіп жатқан ТМД волонтерлер форумына да қатысты. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға Қазақстанның бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу барысында Президент Қазақстан еріктілер қозғалысын дамытуға ерекше ден қойып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда Халықаралық еріктілер жылы аясында мыңнан астам іс-шара өтуде, елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жақындады.
Президент БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушысы Тойли Курбановты қабылдады
Бөлісу:
← Барлық жаңалықтар