Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

Президент өз таңдауын жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайындағы №520 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Президент бұл күнді ел тарихындағы мәні зор саяси белес деп бағалады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Шын мәнінде, бүгін — еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл — маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау — осы жұмыстың бастауы ғана.

Дауыс беру рәсімінен кейін Президент бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тілдесті. Қасым-Жомарт Тоқаев партиялар арасындағы саяси бәсекені бағалап, вице-президентті тағайындау тәртібіне тоқталды. Сондай-ақ алдағы кезеңде реформаларды нақты нәтижеге ұластыратын ауқымды міндеттер тұрғанын жеткізді.

← Барлық жаңалықтар