Жетісу облысында омарта шаруашылығы қанат жайып келеді. Өңір шаруалары жыл басынан бері 130 тоннадан астам өнім алған. Салаға мемлекеттік қолдау да көрсетіліп, осы кәсіптен нәсібін тауып жүргендерді қаржыландыру тетіктері қарастырылған.
ДАНИЯР ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Ауыл аманаты» бойынша 5 жоба қазір мақұлданып, 36,6 млн теңге аударылды. Азаматтар өздерінің қызметтерін жалғастырып, жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қосымша осы жылға да 2 жоба дайындалып жатыр. Олар өз қаражатын алып, істерін дөңгелететін болады.
Жаз бойы омарташылар 3 рет өнім алады. Жиналған бал терең өңделіп, қажетті қоспалар араластырылады. Содан соң саудаға қойылады. Талдықорғандағы кәсіпорын сағатына 1500 құты өнім шығаруға қауқарлы. Бұл Жетісу облысының нарығын балмен толық қамтуға мүмкіндік береді.
СҰҢҒАТ РАЙЫМБЕК, КӘСІПКЕР:
Терілген шөптер инфрақызыл құрылғымен сол жерде керек емес заттардан толық тазартылады. Дайын өнім ішіндегі эфир майларымен, гидратты қосқан дайын өнім тұр, солардың қосындысымен құйылады.
Елімізде омарта саласына да заманауи технологиялар енгізіліп жатыр. Қазақстандық ғалымдар ара шаруашылығын цифрландыруға арнайы платформа әзірледі. Жүйе арқылы омарташылар ара ұяларын есепке алып, жағдайын бақылап, селекциялық жұмыстар жүргізе алады.